Саясат

Матвиенко Әшімбаевты құттықтады

Ресейлік әріптесі сенаттың жаңа спикерімен екіжақты байланысты одан әрі дамытатынына сенім білдіріп отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр — Sputnik. Ресейдің федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко сенат спикері болған Мәулен Әшімбаевты құттықтады. 

Матвиенко қазақстандық әріптесімен екіжақты байланысты одан әрі дамытатынына сенім білдірді, деп хабарлады федерация кеңесінің баспасөз қызметі.

Ол халықаралық алаңда да бірлескен жұмыс жалғасатына үміттеніп отырғанын жеткізді. ТМД-ға мүше елдердің парламентаралық ассамблеясындағы жұмысты атап өтті. 

Тағы оқыңыз: Назарбаеваның сенаттан кетуінің себебі неде – саясаттанушылар пікір білдірді

Еске сала кетсек, Мәулен Әшімбаев өткен дүйсенбі күні президент жарлығымен сенат депутаты, спикері қызметіне тағайындалған болатын. 

2019 жылдың наурыз айынан бастап бұл қызметті атқарған Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды.