Видео

Полицейлер аулада ардагерлерге концерт ұйымдастырды - видео

Тәртіп сақшылары коронавирус инфекциясына байланысты биыл осындай ерекше концерт ұйымдастырып отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының полицейлері ардагерлерге концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ардагерлер концертті терезеден тамашалаған. Ардагерлер Құрмат Рахымов мен Михаил Семеновтың терезесінің алдында LED-экран орнатылды. Концерттік бағдарламаны департамент қызметкерлері әзірленген. Бір сағаттық мерекелік бағдарламаны ауладағы тұрғындардың бәрі тамашалады.

Полковник Құрмат Рахымов 15 жылдан астам уақыт бойы Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер министрлігі басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет еткен.

"Ардагерлер үшін парад өте маңызды. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты парад болмайды. Сондықтан мерекелік бағдарламаны жаңа форматта өткізу туралы шешім қабылдадық", - деді полиция полковнигі, полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына байланысты Жеңістің 75 жылдық мерейтойына арналған әскери парад болмайтынын мәлімдеген болатын.