Қоғам

Коронавирус жұқтырған тағы 80 адам анықталды

Науқастардың ең көбі – Алматы қаласында, республикада барлығы 4 502 адамда коронавирус диагнозы расталды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 80 адам тіркелді, деп хабарлайды мемлекеттік комиссияның жедел штабы. 

"7 мамыр сағат 09:25-тегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 80 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 25, Алматыда – 28, Атырау облысында – 11, Қостанай облысында – 4, Батыс Қазақстан облысында – 2, Маңғыстау облысында – 9, Қызылорда облысында – 1", - делінген хабарламада. 

Елімізде індетке шалдыққандар саны 4 502 адамға жетті. 1408 науқас дертінен айықты, 30 адам қайтыс болды.

  • Алматы – 1422,
  • Нұр-Сұлтан – 853,
  • Атырау облысы – 240,
  • Қызылорда облысы – 223,
  • Шымкент  – 222,
  • Батыс Қазақстан облысы – 210,
  • Алматы облысы – 176,
  • Қарағанды облысы – 175,
  • Ақтөбе облысы – 172,
  • Жамбыл облысы – 168,
  • Түркістан облысы – 162,
  • Павлодар облысы – 152,
  • Маңғыстау облысы – 105,
  • Ақмола облысы – 101,
  • Қостанай облысы – 58,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 33,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 30.