НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр - Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 4 205 адамға жетті, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
"COVID-19 диагнозы тағы 26 адамда анықталды. Алматы - 16, Қызылорда облысы - 1, Алматы облысы - 3, Атырау облысы - 3, Жамбыл облысы - 1, Қарағанды облысы - 1, Батыс Қазақстан облысында бір адамда вирус расталды", - делінген ақпаратта.
Елде Алматы мен астанада коронавирус жұқтырғандар саны өзге қалалар мен өңірлерден көп.
Нұр-Сұлтанда – 734, Алматы – 1 372, Шымкент – 216, Ақмола облысы – 101, Ақтөбе облысы – 163, Алматы облысы – 163, Атырау облысы – 209, Шығыс Қазақстан облысы – 30, Жамбыл облысы – 160, Батыс Қазақстан облысы – 199, Қарағанды облысы – 168, Қостанай облысы – 53, Қызылорда облысы – 217, Маңғыстау облысы – 85, Павлодар облысы – 152, Солтүстік Қазақстан облысы – 30, Түркістан облысында – 155 адам.
1 279 адам дерттен емделіп шықты, 29 науқас қайтыс болды.