Әлем

Путин премьер Мишустиннің денсаулық жағдайы туралы айтты

Коронавирус індетіне шалдыққан Ресей премьер-министрі емделіп жатыр, жағдайы күннен күнге жақсарып келеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин коронавирус жұқтырған премьер-министр Михаил Мишустиннің жағдайы туралы айтты.

Оқи отырыңыз: Тоқаев коронавирус жұқтырған Мишустинге тезірек сауығуды тіледі 

Мишустин сырқатына қарамастан, күн сайын президентпен байланысқа шығып, үкіметтің қазіргі жұмысына қатысады. Бұл туралы Владимир Путин экономика мен әлеуметтік саланы қолдау бойынша бұрын қабылданған шараларды  іске асыру мәселелері жөніндегі кеңесте мәлімдеді.  

"Михаил Владимирович Мишустиннің ең ізгі тілектері мен сәлемін жеткізгім келеді, ол сауығып келеді. Бәрі қалыпты, дене қызуы бар, мұндай жағдай жиі болады, дегенмен жазыла бастады. Біз күн сайын хабарласып отырамыз, ол қазіргі жұмысқа, біздің барлық шешімді дайындауға қатысып жатыр", - деді Ресей президенті.

Еске сала кетейік, 30 сәуірде Ресей үкімет басшысы Михаил Мишустин коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы ол Владимир Путинге видеоконференция барысында хабарлады.

Путин премьер Мишустиннің денсаулық жағдайы туралы айтты

Кейінірек Мишустиннің емделіп жатқаны хабарланды. Ол дәрігерлердің бақылауында.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей премьеріне тезірек сауығып кетуін тіледі.