Қоғам

Тоқаевтың бұрынғы кеңесшісі Әлия Рақышева жаңа қызметке тағайындалды

Ол сенат аппаратын басқарады. Оны тағайындау туралы өкімге сенаттың жаңа төрағасы Мәулен Әшімбаев қол қойды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Әлия Рақышева сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды. 

"Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың өкімімен Әлия Ғалымжанқызы Рақышева сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды", - деп жазды парламенттің жоғарғы палатасының сайты.

Оқи отырыңыз: Дариға Назарбаеваның орнына кім келгені белгілі болды

Әлия Рақышева 5 мамырға дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болды.

Әлия Рақышеваның өмірбаяны

Әлия Рақышева 1980 жылы Алматыда туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Әр жылдары Қазақстан әділет министрлігінде, орталық сайлау комиссиясында басшылық лауазымдарда болды.

2013 жылдан президент әкімшілігінің мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді, 2018 жылы президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Сенатқа келгенге дейін Қазақстан президентінің кеңесшісі болды.