НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Қарағанды облысының Саран қаласында "Yutong" маркалы автобустар мен арнайы мамандандырылған техника шығаратын зауыт салынады.
Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминнің өңірге сапары аясында тиісті меморандумға қол қойылды.
"Инвестиция көлемі шамамен 23 миллиард теңгені құрайды, 1 100 жаңа жұмыс орны ашылады, жылдық жобалық қуаттылығы – 1 200 автобус және 500 дана арнайы техника", - деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Бұл ҚР ішкі нарығын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар өнімдерді ЕАЭО елдеріне экспорттауға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Өзбекстан арзан автобустар мен жүк көліктері өндірісін іске қосты
Сонымен қатар үкімет басшысы "Сарыарқа" АЭА-ға барып, онда "Steel Manufacturing" ЖШС патрон зауытының бірінші кезегін іске қосты.