Ұлы Отан соғысы: Ресейде екі қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды

Ржев түбінде қаза болған сарбазарды сый-құрметпен қайта жерлейді. Қазіргі кезде олардың туған-туыстары іздестіріліп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Қазақстанға Ұлы Отан соғысы кезінде Ржев шайқасында қаза болған екі сарбаздың сүйегі тапсырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, екі жауынгердің сүйегін тапсыру рәсімі Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінде өтті. 1942 жылдың тамыз айынан бері із-түзсіз жоғалғандардың қатарында болған сарбаздың біреуі – Қостанай облысының тумасы Қанапия Жаркенов (1923 жылы туған, 183-ші атқыштар дивизиясының жауынгері), екіншісі – алматылық Донцов Иван Калинович (1904 жылы туған, 243-ші атқыштар дивизиясының жауынгері).  

Оқи отырыңыз: Көпшілік біле бермейтін Ұлы Отан соғысының батырлары

Ржев түбінде қаза болған сарбазарды сый-құрметпен қайта жерлейді. Қазіргі кезде олардың туған-туыстары іздестіріліп жатыр.

"Жауынгерледің сүйегін "Тризна" атты аймақаралық қоғамдық жастар ұйымының іздеушілері тапты. Олар 1996 жылдан бері осы жұмыспен айналысады. Қазіргі кезде ұйымның құрамында 28 отряд және 700-ге жуық адам бар. Ұйымға екі этникалық қазақ мүше", - делінген елішіліктің ресми хабарламасында.

Ржевск шайқасы

Қазақстан елшілігі Ржевск түбіндегі шайқасқа қатысты мәліметтерді де таратты. Сол кезде 100-ші және 101-ші қазақ бригадасы, сондай-ақ, тағы алты қазақстандық құрама 1942-1943 жылдары "Марс" әскери операциясы аясында  Ржев түбінде ерлікпен шайқасты.

Сонда әскери құрамның 80 проценті қаза болған. 2010 жылы шайқас болған жерде қазақстандық жауынгерлердің құрметіне мемориалды кешен тұрғызылған болатын.

2018 жылы Ақтөбе облыстық әкімдігі 100-ші және 101-ші атқыштар бригадасының сарбаздарына арналған жаңа мемориалдық кешенді Ржев қаласының әкімшілігіне беріп жіберді.