Әлем

Ресей Пулитцер сыйлығының комитетін не үшін айыптады?

Марапатқа ие болған басылымның бірқатар мақалалары "жалған фактілерге негізделген әрі русофобиялық сипаттағы мәліметтер жиынтығы" ретінде бағаланды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Ресейдің АҚШ-тағы елшілігі New York Times басылымына антиресейлік материалдары үшін Пулитцер сыйлығының ұсынылуын айыптады.

Сейсенбіде Пулитцер сыйлығының ұйымдастыру комитеті New York Times басылымын "Халықаралық журналистика" номинациясы бойынша марапаттағаны белгілі болды.

Елшілік өкілдері осыдан үш жыл бұрын New York Times басылымы Ресейді әзәзіл етіп көрсеткені үшін марапат алғанын атап өтті.

"Сыйлықты ұйымдастыру комитеті осындай жолмен мойнына үлкен жауапкершілік алады. Өйткені басылымда жарық көрген ақпараттарды ресейлік ресми тұлғалар ғана емес, өмірдің өзі бірнеше рет теріске шығарды", – деп жазылған ресейлік дипломатиялық өкілдіктің Facebook-тегі парақшасысында.

Елшілік тарапынан америкалық басылымның бірқатар мақалалары "жалған фактілерге негізделген әрі русофобиялық сипаттағы мәліметтер жиынтығы" деп бағаланды.