Қоғам

Карантин кезінде ардагерлерді Жеңіс күнімен қалай құттықтайды

Соғыс ардагерлеріне "Жеңіске 75 жыл" мерейтойлық медалі мен президенттің атынан құттықтау хат табысталады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Ұлы Отан соғысының ардагерлері "Жеңіске 75 жыл" мерейтойлық медалі мен азық-түлік себеті табысталады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жеңістің 75 жылдығы екеніне қарамастан, қазір елімізде карантин екенін түсінуіміз керек. Әкімдіктер карантин шараларын сақтап жұмыс жүргізуде. Десе де бұл мереке баршамыз үшін өте маңызды. Осыған байланысты ардагерлерге мерекемен құттықтап баруды жоспарлап отырмыз", - деді Әукенов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.  

Соғыс ардагерлеріне "Жеңіске 75 жыл" мерейтойлық медалі мен президенттің атынан құттықтау хат табысталады.

Сонымен қатар, азық-түлік себеті беріледі.

Оқи отырыңыз: Аңызға айналған ұшқыш Нұркен Әбдіровтің ерлігі жайлы фильм көрсетіледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, қазір елімізде 1025 соғыс ардагері, 123 мыңнан астам соғыс мүгедегі мен Ұлы Жеңіске үлес қосқан басқа да азаматтар тұрады.