НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы таратқан мәлімет бойынша Қазақстанда 39 адамның инфекция жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 39 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 5, Алматы қаласында – 18, Қостанай облысында – 3, Атырау облысында – 4, Павлодар облысында – 2, Қарағанды облысында – 2, Алматы облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1, Ақтөбе облысында – 3", – делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 4 160 адам анықталды. Олардың ішінде:
- Алматы қаласында – 1 353;
- Нұр-Сұлтан қаласында – 728;
- Қызылорда облысында – 216;
- Шымкент қаласында – 215;
- Атырау облысында – 206;
- БҚО – 198;
- Ақтөбе облысында – 163;
- Қарағанды облысында – 161;
- Жамбыл облысында – 158;
- Алматы облысында – 157;
- Түркістан облысында – 154;
- Павлодар облысында – 152;
- Ақмола облысында – 101;
- Маңғыстау облысында – 85;
- Қостанай облысында – 53;
- СҚО – 30;
- ШҚО – 30.
Бүгінге дейін республика бойынша коронавирус індетіне шалдығып, тиісті ем қабылдау нәтижесінде жазылып шыққандар саны 1 173 адамға жетті. Ал аталған індет салдарынан көз жұмғандар саны 29.