Қоғам

Бас санитар дәрігер карантинді жеңілдетуге болатынын мәлімдеді

Айжан Есмағамбетова Қазақстанда соңғы екі аптаның ішінде эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанын атап өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирустың таралуына қатысты соңғы ақпаратты бөлісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, соңғы екі аптаның ішінде жағдай тұрақталып келеді. Республика бойынша науқастар санының өсуі 7 проценттен аспайды.

"Жалпы, карантиндік шаралар өз нәтижесін берді. Осы орайда барлық қазақстандыққа сақтық шараларын сақтағаны үшін алғыс айтқым келеді. Соның арқасында біз эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырып алдық", - деді Есмағамбетова бүгінгі онлайн брифингте.

Бас санитар дәрігер қазіргі статистиканы ескере отырып, карантиндік шараларды бірте-бірте жеңілдету керек екенін атап өтті.

4 мамырдан бастап істейтін халыққа қызмет көрсету орталығының тізімі жарияланды 

"Біз біртіндеп күнделікті өмірімізге көшуіміз керек. Бірақ карантиндік шаралар елдегі жағдайға қарай өзгереді. Осындай жұмыстың арқасында біз науқастардың күрт көбейіп кетуіне жол бермедік, медицина саласына салмақ түспеді. Енді науқастардың санына қарай карантинді де жеңілдетуге болады", - деп түйіндеді Есмағамбетова.