НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. Қазақстандық дәрігерлер 965 адамды коронавирустан емдеп шығарды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Соңғы деректер бойынша коронавирус жұқтырған тағы 25 науқас сауығып, ауруханадан шықты, оның ішінде Алматы қаласында – 20, Нұр-Сұлтан қаласында - 3, Атырау облысында – 1, Қарағанды облысында - 1.
Жалпы, елімізде коронавирустан емделіп шыққандардың саны 965 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтанда – 254,
- Алматы қаласында – 149,
- Қызылорда облысында – 127,
- Ақмола облысында – 75,
- Атырау облысында - 71,
- Қарағанды облысында - 68,
- Жамбыл облысында -47,
- Шымкент қаласында – 37,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 27,⠀
- Түркістан облысында – 45,
- Ақтөбе облысы – 16,
- Алматы облысында - 14,
- Батыс-Қазақстан облысында -10,
- Шығыс Қазақстан облысында - 8,
- Маңғыстау облысында -9,
- Павлодар облысында- 5,
- Қостанай облысында -3 адам.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны – 3785, қайтыс болғандар – 25.