НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. Қазақстанда тағы 114 адам коронавирус індетін жұқтырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирустан қорғанудың жолын тапты
"Алматы қаласында 64, Түркістан облысында 1, Шымкент қаласында 2, Қарағанды облысында 1, Нұр-Сұлтан қаласында 10, Жамбыл облысында 3, Маңғыстау облысында 5, Қызылорда облысында 1, Алматы облысында 2, Ақтөбе облысында 25 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.
Қазақстан бойынша барлығы – 3785:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 679,
- Алматы қаласы – 1240,
- Шымкент қаласы – 206,
- Ақмола облысы – 100,
- Ақтөбе облысы – 147,
- Алматы облысы – 144,
- Атырау облысы – 161,
- Шығыс Қазақстан облысы – 23,
- Жамбыл облысы – 143,
- Батыс Қазақстан облысы – 163,
- Қарағанды облысы – 153,
- Қостанай облысы – 50,
- Қызылорда облысы – 209,
- Маңғыстау облысы – 62,
- Павлодар облысы – 146,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30,
- Түркістан облысы – 129.
Соңғы мәлімет бойынша 940 адам жазылып шығып, 25 адам қайтыс болды.