НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустинге коронавирус инфекциясынан тезірек сауығуды тіледі.
"Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинге тезірек сауығуды тілеймін. Қазақстан мен Ресей коронавируспен күрес жолында байланыс орнатқан. Бірлескен іс-қимылдың арқасында қиындықтарды еңсере алатынымызға сенімдімін", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.
Жуырда Мишустин коронавирус жұқтырғанын айтып, Ресей президенті Владимир Путинге оқшауланатынын жеткізген болатын.
Көрші ел премьерінің міндетін уақытша үкімет басшысының бірінші орынбасары Андрей Белоусов орындайды.
Ресейде 114 431 адамда коронавирус расталған. 1 169 адам көз жұмды.
Ал Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 3 551 адамға жетті, 25 қазақстандық қайтыс болды.