НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір - Sputnik. Қазақстанда тағы 33 адамда коронавирус расталды, деп хабарлады мемлекеттік комиссиянң шұғыл штабы.
"Батыс Қазақстан облысында - 8, Павлодар облысында - 5, Атырау облысында - 4, Алматыда - 11 және астанада тағы бес адам коронавирус жұқтырды", - деп жазылған хабарламада.
30 сәуір таңертеңгі уақытқа дейінгі ақпарат бойынша елде 3 138 адам коронавирус жұқтырды.
Алматы - 937, Нұр-Сұлтан - 621, Қызылорда облысы - 187, Шымкент - 189, Қарағанды облысы - 142, Батыс Қазақстан облысы - 138, Атырау облысы - 135, Павлодар облысы - 127, Түркістан облысы - 124, Алматы облысы - 122, Жамбыл облысы - 116, Ақмола облысы - 98, Ақтөбе облысы- 65, Қостанай облысы - 45, Маңғыстау облысы- 45, Солтүстік Қазақстан облысы - 30, Шығыс Қазақстан облысы - 17.
819 адам жазылып шықты, 25 адам көз жұмды.
Тағы оқыңыз: Бас санитар дәрігер: мамырдың соңына дейін 5 300 адам COVID-19 жұқтыруы мүмкін