НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Көкшетауда көпқабатты пәтерден қарт ерлі-зайыптының мәйіті табылды. Бірнеше күн бұрын белгісіз біреулер олардың пәтеріне кіруге әрекеттенгені белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Белгісіз біреулер Есенберлин көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерге кіріп, үй иелерін өлтіріп кетті. Бұл 83 жастағы ер адам мен оның 77 жастағы әйелі. Олардың мәйіті 30 сәуірде таңертең табылды", - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көкшетау тұрғындарын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"25 сәуірде жәбірленушілердің пәтеріне кіруге әрекет жасалған. Жедел тергеу тобының қызметкерлері қаскүнемдер балкон әйнегін бөтелкемен зақымдағанын анықтады. Криминалдық полиция мен патрульдік қызмет бөлімшелерінің қызметкерлері қылмыскерлері ұстауға жұмылдырылды", - дейді баспасөз қызметіндегілер.
Нұр-Сұлтанда полициядан көмек сұраған әйелді үйінің кіреберісінде өлтіріп кетті
Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймұрзин қылмысты ашуды бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.