Қоғам

Тағы 83 адам індетке шалдықты: науқастардың саны 3,3 мыңнан асып кетті

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 3 356 адамға жеткенін хабарлады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 83 адам коронавирус жұқтырды.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда емделіп жатқан шетелдіктердің жағдайы белгілі болды  

"Ақтөбе облысында 27, Нұр-Сұлтан қаласында 8, Алматы облысында 3, Павлодар облысында 1, Жамбыл облысында 4, Алматы қаласында 40 науқас тіркелді", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Осылайша Қазақстанда індетке шалдыққандардың саны 3 356 адамға жетті:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 639 адам,
  • Алматы қаласында – 1028,
  • Шымкент қаласында – 192,
  • Ақмола облысында – 99,
  • Ақтөбе облысында – 109,
  • Алматы облысында – 138,
  • Атырау облысында – 135,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 20,
  • Жамбыл облысында – 123,
  • Батыс Қазақстан облысында – 146,
  • Қарағанды облысында – 149,
  • Қостанай облысында – 49,
  • Қызылорда облысында – 198,
  • Маңғыстау облысында – 48,
  • Павлодар облысында – 129,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 30,
  • Түркістан облысында – 124.

Соңғы мәлімет бойынша 858 адам жазылып шығып, 25-і қайтыс болды.