НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір — Sputnik. Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігі Жеңіс күні қарсаңында онлайн-фонференция кезінде "Ұлы Отан соғысы: ХХI ғасыр көзқарасы" жобасының аралық қорытындысын жасады.
Шараға Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин, Қазақстандағы Беларусь елшісі Анатолий Ничкасов, фотосуретші Сергей Ларенков, сондай-ақ, Қазақстан, Ресей және Беларусь елінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
Жоба 2019 жылдың 27 қаңтарында Петропавл қаласында басталды. Бұл күні Солтүстік Қазақстан облыстық музейінде Санкт-Петербург қаласының суретшісі Сергей Ларенковтың "Блокадный альбом" атты көрмесі ашылды.
"Шара аясында 50-ден астам көрме өтті. Беларусь елінің Қазақстандағы елшілігімен бірлесе бірнеше жоба жүзеге асырылды", - деді Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы баспасөз қызметінің жетекшісі Константин Воробьев.
Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин онлайн-конференцияға қатысушыларға жоба туралы айтты.
"Бұл жобаға фотосуретші Сергей Ларенковтің қатысқаны қуантады. Қазақстандықтар оның шығармашылығын жоғары бағалайтынын білемін. Оның жұмысымен әріптесім - Беларуссияның Қазақстандағы елшісі Анатолий Ничкасов екеуіміз де жақсы таныспыз", - деді Бородавкин.
pobedakz.com сайтында Сергей Ларенковтың көрмесіне виртуалды тур жасауға болады.