Қоғам

Елде тағы 27 адамда коронавирус расталды

Елде коронавирус жұқтырғандар саны 3 105 адамға жетті. Маңғыстау, Қарағанды, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында тағы 27 науқас тіркелді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 3 105 адамға жетті, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

"Елде тағы 27 адамда коронавирус расталды. Қарағанды облысы - 3, Алматы облысы - 8, Батыс Қазақстан облысы - 3, Жамбыл облысы - 3 және Нұр-Сұлтан қалаларында 4 адамда коронавирус расталды", - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытқа дейін 798 адамның індеттен айыққаны хабарланды. 25 науқас көз жұмды.

Еске сала кетсек, бүгін өткен брифингте Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова сәуірдің соңына дейін Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырудың 3 500 жағдайы тіркеледі деген болжам айтты. Ал мамырдың аяғына дейін 5 300-дей болады.

Сондай-ақ, ол COVID-19 вирусына үйрену керектігін жеткізді.

Бас санитар дәрігер карантинді алып тастаса да, коронавирус ешқайда кетпейтінін мәлімдеді. Енді коронавирус маусымдық аурулардың қатарына өтетінін айтты.