Аңдатпа

Қазақстанда 30 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

Sputnik Қазақстан 30 сәуір - 6 мамыр аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)
Sputnik

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көпшілік шараларға уақытша тыйым салынды. Нұр-Сұлтан мен Алматы, сондай-ақ облыстар карантинге жабылды. Мемлекеттік органдардың отырыстары да онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар туралы хабардар етеміз.

30 сәуірге жоспарланған шаралар

10.00 –Сенаттың пленарлық отырысы (Отырыс онлайн режимде палатаның ресми сайтында көрсетіледі).

12.00 – Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің директоры Гүлмира Шалабаеваның "Евгений Федоркин шығармашылығының феномені" атты видео дәрісі (Трансляция музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында).

15.00 – "Тұрмыстық зорлық-зомбылықты қалай тоқтатуға болады?" тақырыбында онлайн-брифинг. Спикерлер: "Дағдарыс орталықтары одағы" ЗТБ басқарма төрағасы Зүлфия Байсақова, жоба психотерапевтері Тұрғанжан Сабыров, Евгений Дуплякин, жоба психологы Салтанат Маусейітова (Тікелей эфир Қазақстан баспасөз клубының фейсбуктегі парақшасында https://www.facebook.com/KazakhstanPressClub/. Сұрақтарды 87017490200 WhatsApp нөміріне жолдауға немесе фейсбукте видеоның астына жазуға болады).

16.00 – Sputnik ақпарат агенттігінің Мәскеу – Ереван - Кишинев онлайн бейнекөпірі баспасөз мәслихаты форматында өтеді. Тақырыбы – ЕАЭО елдерінің азық-түлік қауіпсіздігі". Еуразиялық экономикалық комиссияның өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені министрі Артак Камалян журналистердің сауалына жауап береді. Тікелей трансляция Sputnik Қазақстан сайтында өтеді. Сұрақтарды +7 (747) 220 74 01 WhatsApp нөміріне немесе a.nurgazinova@sputniknews.com поштасына жолдауға болады.

21.00 – қазақстандық эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекованың "Карантиндегі жұлдыз" жобасы аясында онлайн-концерті (Трансляция "Қазақтелеком" АҚ-ның Youtube-каналында).

1 мамырға жоспарланған шаралар

11.00 – Қазақстан халқы бірлігі күніне орай онлайн үйде жүгіру. Қатысушылар өз мүмкіндіктеріне қарай қашықтықты өздері таңдай алады: 1, 5 және 10 шақырым. Қатысу шарттары: Strava мобильді қосымшасында тіркелу; infi@kazathletics.kz поштасына аты-жөнін, Strava бағдарламасындағы аккаунтының атауы мен электронды поштасын жазып жіберу. Сонымен қатар, маршрутты алдын ала ойластыру қажет. Бұл үйдің бірнеше бөлмесі немесе жүгіру жолы болуы мүмкін. Жүгіру сәтін видеоға түсіріп, қанша шақырым жүгіргеніңізді көрсетіп (#онлайн1км #онлайн5км #онлайн10км) Жеңіл атлетика федерациясы @qazathletics мен Vesti.kz @vestikzsport парақшаларын белгілеу қажет.

12.00 – Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі "Көрерменмен диалог" атты жаңа айдар ашады. Алғашқы диалогты белгілі қазақстандық суретші Нелли Бубэ өткізеді. Ол күзде Кипрде ашылатын жаңа музей мен жобаға қатысқан қазақстандықтар туралы айтады (Трансляция музейдің Facebook-тегі ресми каналы арқылы көрсетіледі).

3 мамырға жоспарланған шаралар

12.00 -  Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің "Техника "коллаж" бейнесабағы өтеді (Трансляция музейдің Facebook-тегі ресми каналы арқылы көрсетіледі).

6 мамырға жоспарланған шаралар

16.00 – "Екінші дүниежүзілік соғыс: ортақ ерлік – ортақ естелік" халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы. Шараны "Хабар" агенттігінің қолдауымен Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырды. Конференцияның мақсаты – Екінші дүниежүзілік соғыс оқиғаларына объективті талдау жасау. Шараға қатысатын елдер: Қазақстан, Нидерланды, Франция, Жапония, Ресей, Беларусь, АҚШ, Түркия, Үндістан, Аргентина, Иран, Пәкістан. Олардың қатарында еуропалық Әлем мәселелерін зерттеу қауымдастығының мүшесі, профессор Хендрик Буллинс (Нидерланды), Жапониядағы СА9 қозғалысының негізін қалаушы доктор Клаус Шлихтман,  "Қару-жарақ өндірісі және қарусыздандыру бағдарламасы" CIPRI бас төрағасы Од Флеран (Франция), Әлемдік азық-түлік ұйымы президентінің кеңесшісі Джордж Кент (АҚШ), ЕҰУ іздеу отрядының жетекшісі Майдан Құсайынов және көптеген өзге де әлемдік сарапшылар бар (Шара Zoom платформасында онлайн өтеді. Аккредитация және сілтеме алу нөмірі: +7 (702) 36 36 005).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.