Қоғам

Жеті күнге жарамды анықтама 20 мың теңге: ұшақпен қатынаудың жаңа тәртібі бекітілді

Ұшаққа отыратын жолаушылар алдымен коронавирусқа тексерілуі тиіс, ал қызмет құны шамамен 20 мың теңге
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы және кері бағыттағы әуе рейстері қалпына келтіріледі. Алайда, ұшақ бортына тек COVID-19 табылмағаны туралы анықтамасы бар жолаушылар ғана жіберіледі.

Қазақстанның көліктегі бас санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов Sputnik Қазақстанға анықтама алу процедурасы туралы толығырақ баяндап берді.

Оның айтуынша, ұшақ билетін сатып алғысы келетін жолаушылар алдымен коронавирусқа ақылы тексеруден өтуі тиіс.

Бүгіннен бастап Атырау, Алматы, Нұр-Сұлтан, Көкшетау және Қарағандыдағы зертханалар ПЦР-әдісімен (полимеразды тізбекті реакция) ақылы анализ жасайды. Қызмет құны - шамамен 20 мың теңге. Тестілеу алдында үш сағат бойы ештеңе жеуге немесе ішуге болмайды.

Оқи отырыңыз: Министр әуе тасымалы қалай жүзеге асырылатынын айтты

Тест нәтижелері бір күннен кейін белгілі болады. Ал коронавирусқа тексерілгеннен кейін берілетін анықтама жеті күнге жарамды. Егер жолаушы Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып келсе, ал анықтаманың мерзімі өтіп кеткен болса, оралу үшін қайтадан ақылы тестілеуден өту керек.

Айта кетейк, ПЦР сынағы ұшақта коронавирус жұқтырған адамдардың болмайтынына кепілдік бермейді, бірақ ол бұл ықтималдықты айтарлықтай төмендетеді.