НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Мемлекеттік комиссия жұмысын жандандыратын кәсіпкерлік субъектілері қызмет түрлерінің тізімін бекітті.
Кәсіпорындар барлық өңірде 27 сәуірден, ал Шымкентте 1 мамырдан бастап іске қосылады. Бүкіл жерде қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталуы тиіс.
Жұмысын бастайтындар:
- өнеркәсіп кәсіпорындары;
- құрылыс және жол құрылысы салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері;
- көлік, қоймалау, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік, автокөліктерге қызмет көрсету салаларындағы ұйымдар және қызмет көрсету саласының кейбір түрлері;
- банктер мен қаржы секторының ұйымдары.
Тағы оқыңыз: Мемлекет басшысы ауқымды өзгерістер болатынын мәлімдеді
Нұр-Сұлтанда қайта ашылатын орындар:
- қаржы және сақтандыру секторларының ұйымдары;
- электрлік тұрмыстық техника, саяжай маусымына арналған тауарлар сататын ірі дүкендер.
Алматыда мына салалардың ұйымдары жұмысын қайта бастайды:
- көлік және қоймалау, ақпараттық-коммуникациялық технология салалары;
- қаржы және сақтандыру секторлары;
- сервистік қызмет көрсету салалары (ТҚС, дөңгелек ауыстыру, тұрмыстық және кеңсе техникаларын жөндеу).
Елімізде төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды.