НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Ресейлік метеорологтардың болжамынша, биылғы жыл тарихтағы ең ыстық жылдардың бірі болуы мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұған дейін Американың мұхит пен атмосфераны зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасының мамандары (NOAA) 2020 жыл тарихтағы ең ыстық кезең болатынын және рекордтық бестікке енетінін ескерткен еді.
Енді Ресей гидрометорталығының ғылыми жетекшісі Роман Вильфанд та осылай мәлімдеп отыр.
Климатологтардың айтуынша, әрбір келесі бесжылдық рекордтық көрсеткішке жетеді. Орташа температура жыл өткен сайын жоғарылай береді.
Тағы оқыңыз: Ғалымдар жылы қыстың салдары туралы айтып берді
"Осымен қатарынан бес бесжылдық бойы ауа температурасы көтеріліп келеді. Бұл жаһандық жылынудың көрінісі және атмосферада парниктік газдардың тұрақты ұлғаюымен байланысты. Бәлкім, биыл жылылық бойынша рекорд тіркеле қоймас, бірақ ең ыстық жылдардың бестігіне енетінін сөзсіз", - деді Вильфанд.
Ғалым жер бетіне жақын қабаттағы ауа температурасы өлшенгенін нақтылады.