НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір — Sputnik. Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір адам көз жұмды.
Алматы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, 97 жастағы науқас қайтыс болған.
Бұл Қазақстанда коронавирустан көз жұмған 26-шы жағдай.
Еске сала кетсек, 26 сәуірдегі мәліметке сәйкес, елде 2 660 адам Covid-19 жұқтырған, 677-сі жазылып шықты.
Қазақстанда коронавирусқа байланысты 16 наурызда төтенше жағдай режимі жарияланды. Ол 1 мамырға дейін ұзартылды. Келесі аптада президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасайды. Мемлекет басшысы елдегі төтенше жағдай режиміне байланысты жаңа шешімді жариялайды.
Елдегі өңірлер мен қалалар карантинге жабылды, қозғалысқа шектеу енгізілді.
Тағы оқыңыз: Назарбаев коронавирус пандемиясынан кейін не болатынын айтты