НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Еліміз бойынша коронавирус індетін жұқтырған адамдардың саны 2 652 болса, оның 677-сі ауруынан жазылып шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
"31 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Олардың ең көбі Қызылорда облысында – 18 адам сауықты. Одан кейін Алматы қаласы – 6 және Атырау облысында – 5 науқас жазылды. Қарағанды облысы мен Ақмола облысында бір-бір адамнан ауруынан айықты", – делінген баспасөз хабарламасында.
Жалпы, Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 677. Олар:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 214;
- Алматы қаласы – 96;
- Шымкент қаласы – 23;
- Ақмола облысы – 31;
- Ақтөбе облысы – 10;
- Алматы облысы – 9;
- Атырау облысы – 47;
- Шығыс Қазақстан облысы – 6;
- Жамбыл облысы – 42;
- Батыс Қазақстан облысы – 6;
- Қарағанды облысы – 37;
- Қостанай облысы – 3;
- Қызылорда облысы – 99;
- Маңғыстау облысы – 4;
- Павлодар облысы – 2;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 25;
- Түркістан облысы – 24.