НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 66 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлады коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.
Оқи отырыңыз: Назарбаев коронавирус пандемиясынан кейін не болатынын айтты
"Жамбыл облысында - 2, Түркістан облысында - 8, Атырау облысында - 10, Қостанай облысында - 1, Павлодар облысында - 12, Нұр-Сұлтан қаласында - 8, Батыс Қазақстан облысында - 2, Шымкент қаласында - 5, Қызылорда облысында - 6, Қарағанды облысында - 3, Маңғыстау облысында - 5, Алматы қаласында – 4 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.
Осылайша Қазақстан коронавирус жұқтырғандардың саны 2482 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 454,
- Алматы қаласында – 791,
- Шымкент қаласында – 146,
- Ақмола облысында – 88,
- Ақтөбе облысында – 55,
- Алматы облысында – 73,
- Атырау облысында – 98,
- Шығыс Қазақстан облысында – 16,
- Жамбыл облысында – 103,
- Батыс Қазақстан облысында – 102,
- Қарағанды облысында – 111,
- Қостанай облысында – 39,
- Қызылорда облысында – 170,
- Маңғыстау облысында – 25,
- Павлодар облысында – 88,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 30,
- Түркістан облысында – 93.
Соңғы мәлімет бойынша, індеттен 604 адам жазылып шығып, 25 адам қайтыс болды.