Спорт

Майк Тайсон рингке оралуға шешім қабылдады

Аты аңызға айналған 53 жастағы боксшы қайырымдылыққа қаражат жинау мақсатында қайта рингке оралғысы келеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Әйгілі америкалық боксшы Майк Тайсон қайырымдылық жекпе-жегі үшін рингке қайта оралғысы келеді.

"Мен қазір жаттығып жатырмын, рингке қайта шыққым келеді. Бірнеше жекпе-жек өткізуді жоспарлағандықтан, спорттық дайындықты қолға алдым. Төрт раундтық қайырымдылық жекпе-жектер өткізуге мүмкіндік беретін бабымда болуды қалаймын. Ақша тауып үйсіздер мен есірткі тәуелділігіне ұшырағандарға көмектескім келеді", – дейді боксшы.

Темір Майк рингке соңғы рет 2005 жылы маусым айында Макграйдпен шығып, жеңіліске ұшырады. Бұл оның кәсіби мансабындағы соңғы жекпе-жегі болды.

"Өткен аптада ғана рингте жаттығу өткіздім. Өте ауыр болды әрі қатты шаршадым. Мен қайырымдылық жекпе-жегін ұйымдастырып, физикалық қалпымды жақсарта аламын деп ойлаймын", – деді Тайсон.

Оқи отырыңыз: Майк Тайсон бокс тарихындағы ең ұлы боксшыны атады

Айта кетейік, ол кәсіпқой мансабында 50 рет жеңіске жетіп (44 КО), алты рет жеңілген.