Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көпшілік шараларға уақытша тыйым салынды. Нұр-Сұлтан мен Алматы, сондай-ақ облыстар карантинге жабылды. Мемлекеттік органдардың отырыстары да онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар туралы хабардар етеміз.
25 сәуірге жоспарланған шаралар
12.00 – Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі қорының жұмысына арналған тікелей эфир. Музей қызметкері Гүлзира Молдашева жәдігерлердің қалай сақталып, реставрация жасалатынын айтады (Трансляция музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында).
19.00 - Астаналық мәдениет басқармасының "Онлайн сұхбат" бағдарламасы. Жүргізуші - қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрының директоры Асхат Маемиров. Кеш қонағы - эстрадалық әнші, актриса Айгүл Иманбаева (Тікелей трансляция - @ns_madeniet).
26 сәуірге жоспарланған шаралар
12.00 - "Декоративная рыбка в технике акварели" шеберлік сағаты. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музей қызметкері Аида Елеуова өткізеді (Трансляция музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында).
19.00 - Астаналық мәдениет басқармасының "Онлайн сұхбат" бағдарламасы. Жүргізуші - қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрының директоры Асхат Маемиров. Кеш қонағы - театр және кино актері, театр режиссері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Серғазин.
28 сәуірге жоспарланған шаралар
17.00 – Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында "Язычники" (+18) қойылымы трансляцияланады (театрдың Youtube каналында көрсетіледі).
29 сәуірге жоспарланған шаралар
18.00 - Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының "Шығармашылық карантин" айдары. Қонақта – драматург Олжас Жанайдаров (Трансляция – @aibolatjangaliuly).
30 сәуірге жоспарланған шаралар
10.00 –Сенаттың пленарлық отырысы (Отырыс онлайн режимде палатаның ресми сайтында көрсетіледі).
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.