Іздеу тобы соғысқа қатысқан қазақстандық сарбаздың сүйегін тапты

Ресейлік іздестіру тобы Қостанай облысынан шыққан Ұлы Отан соғысының ардагері Қуанышбай Дәуітовтің туыстарына іздеу салды
Sputnik

АЛМАТЫ, 23 сәуір – Sputnik. Мәскеудің "Обелиск" іздестіру тобы Қостанай облысының тумасы Қуанышбай Дәуітовтің туыстарын іздеп жатыр. Сарбаздың сүйегі Смоленск облысының Темкин ауданындағы әскери қабірден табылды.

Іздеу тобы соғысқа қатысқан қазақстандық сарбаздың сүйегін тапты

"Обелиск" тобының іздеушілері сарбаздың сақталған медальонынан оның шақырылған жерін ғана емес, әйелінің атын да анықтады. № 77 есеп карточкасына сәйкес, Қуанышбай Дәуітов Қостанай облысы Пешков ауданының "Свердловск" колхозынан шақырылған. Әйелі – Дәуітова Оразым.

Іздеу тобы соғысқа қатысқан қазақстандық сарбаздың сүйегін тапты

"Қызыл әскер Қуанышбай Дәуітовті Смоленск облысының Темкин ауданына қарасты Семеновское ауылы маңындағы орман алқабының бірінен таптық. Ол басқа қазақтармен бірге 120-шы Жеке атыс бригадасының құрамында соғысқан. 2015 жылдың тамызында орман жолының жанындағы алқаптан 27 сарбаздың сүйегі табылды. Бесеуінің аты-жөні белгілі болды. Төртеуінің туыстары табылды. Екі отбасы Қазақстаннан келді. Олар салтанатты түрде жерлеуге қатысты. Сонымен қатар оларды шайқас болған жерге алып бардық", - дейді мәскеулік "Обелиск"  іздеу тобының командирі Михаил Поляков.

Іздеу тобы соғысқа қатысқан қазақстандық сарбаздың сүйегін тапты

Қуанышбай Дәуітов 1942 жылы 14 тамызда шайқаста қаза болған. Оның сүйегі тағы екі сарбазбен бірге жерленген. Қазақ батыры  Смоленск облысының Темкино елді мекеніндегі "Поле памяти" мемориалдық кешенінде қайта жерленді.   

Мәскеу тобы соғыста қаза болған қазақстандықтың туыстарын іздеп жатыр

Іздеушілер бар күшін салғанына қарамастан, бірнеше жылдан бері сарбаздың туыстарын таба алмай келеді. Осыған байланысты "Обелиск" іздеу тобының жетекшісі Михаил Поляков жауынгердің ұрпағымен таныс болуы мүмкін қазақстандықтардан 8-910-464-07-22 телефоны арқылы хабар беруін сұрайды.

Михаил Поляков батырдың туыстары табылып, оның қабіріне барып, тағзым етеді деп үміттенеді.