НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Карелиядағы фин концлагерьлерінің бұрынғы тұтқындары Ресейдің тергеу комитетінің төрағасына Ұлы Отан соғысы кезіндегі басқыншылық органдардың әрекеттерін тексеруді сұрап хат жазды, деп жазады РИА Новости.
Бұған дейін агенттік "Без срока давности" жобасы аясында фин фашистерінің бейбіт кеңес азаматтарына қарсы соғыс қылмыстарының куәліктерін жариялаған. Бұрын еш жерде жарық көрмеген құжаттарды Карелия аймақтық федералды қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) бөлімі жариялады. Ал дүйсенбі күні Ресейдің тергеу комитеті тексеріс ұйымдастырды.
Өтініш авторлары фин басқыншыларының әрекетін "бейбіт тұрғындар үшін жаңа тәртіп орнатып, оны этникалық топқа бөлді, зорлық-зомбылық пен қырып-жоюға ұшыратты" және бұл "геноцидтің барлық белгілеріне алып келді" деп атап көрсетеді.
Бұрынғы тұтқындар басып алу режимінің жетекшілері Карелия тұрғындарына қарсы жасалған қылмыстар үшін ешқандай жауапкершілік алмағанын мәлімдеді. Сонымен бірге олар бейбіт тұрғындарға қарсы қылмыс жасаған фин сарбаздарының шендері мен олардың басшыларының есімдерін "қазір атау қиын" деп қосты.
Концлагерь тұтқыны куәлік етуге дайын
Карело-Фин КСР-нің территориясындағы бесінші фин концлагерьінің бұрынғы тұтқыны Ленин Макеева Ұлы Отан соғысы кезінде фин басқыншылығы жасаған қылмыстарға куә болуға дайын екенін мәлімдеді.
Бала кезінде Макеева екі жыл, сегіз айын Петрозаводск қаласының концлагерінде өткізді. 1944 жылдың 28 маусымында Қызыл армияның жауынгерлері өлім лагеріндегі тұтқындарды босатты.
"Мен өз тарапымнан куә болуға дайынмын. ФҚҚ қылмыстар туралы айғақтарды 75 жылдан кейін жария еткені өкінішті. Бұл әлдеқайда бұрын жасалуы керек еді", – дейді Макеева РИА Новостиге.
Ол бұрынғы фашистік концлагерьлердегі кәмелетке толмаған тұтқындар бойынша Карелия одағы төрағасының орынбасары болып табылады.
Ресейдің тергеу комитеті қылмыстық тергеу жүргізуде. Ашылған материалдарды зерттеп, фин басқыншыларының бейбіт кеңес халқына қарсы әрекеттерін тексергеннен кейін тергеушілер тиісті құқықтық баға береді.
"Мен өзім Финляндия президенті Тарье Халоненге хат жолдағанымда: "Біз Кеңес одағына барлық өтемақыларды төледік" деген жауабын алдым. Бірақ менің "Германия өз тарапынан қателіктерін мойындап, Ресей халқынан кешірім сұрасын" деп жазғанымды, фашистердің бұрынғы одақтасы болған финдер істеген жоқ", – деді Макеева.
Бүгінде 84 жасқа келген кейуана өзі куә болған шақтарды көз жасына ерік бере отырып еске алады.
"20 шаршы метр жерде 15 адам болдық. Қандала мен бит қаптады. Кейіннен індет басталды. Іш сүзегі мен діңгене дерті жайлады. Адамдар өле бастады. Тамақтанудың нашарлығынан тұтқындар арасындағы өлім одан сайын ушығып кетті. Біздің отбасымыздағы жеті адамның үшеуі аштықтан қайтыс болды. Қалақай өсіп үлгермеді, өйткені соны жеп күнелттік. Тәртіп бұзғандарды тұзды суға малынған шыбықтармен сабап тастайтын", – дейді Макеева.
"Ал Карелия аумағындағы концлагерьлерде 32 мың адам болды, олардың 18 мыңы сол жерде қайтыс болды", – дейді ол.
Сондай-ақ, Макеева коронавирустық пандемияға байланысты Мәскеудегі Жеңіс парадының кейінге қалдырылғанына қатты өкінгенін айтады. Ол құрметті қонақтар тізіміне енген, бірақ парадқа келе алмай қаламын ба деп қорқады.
Айта кетейік, 1941-1944 жылдары финдердің бақылауындағы Карело-Фин КСР аумағында бейбіт тұрғындарға арналған лагерьлер құрылды. 1942 жылдың сәуір айының басында ол жерлерде шамамен 24 мың адам болды – бұл оккупация аймағындағы халықтың 30 пайызы еді.
Ашық архивтерден алынған мәліметтерге сәйкес, ол жерлерде негізінен славяндар, 90 пайыздан астамы – орыстар, белорустар, украиндар болды.
Тарихшылардың айтуынша, лагерьлер жұмыс істеген жылдары 50 мыңға жуық адам жазасын өтеді. Ал фин фашистері 1941-1944 жылдың аралығында 14 концлагерь құрса, оның алтауы Петрозаводскіде орналасты.