АЛМАТЫ, 22 сәуір – Sputnik. Ақмола облысы Степногорск қаласында колонияда күзетте тұрған сарбаз қаза болды.
"Сағат 07:30 шамасында 3517 (Степногорск) әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Б.А.Рашев қарауылда тұрып, қарудан өз-өзіне оқ атқан. Оқ басына тиіп, сарбаз қайтыс болды", - делінген Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.
Әскери қызметкердің өлімі туралы Ақмола гарнизонындағы әскери прокуратураға хабарланды.
Оқиғаның мән-жайы мен себебі Ұлттық ұланның бас қолбасшысы тағайындаған қызметтік тергеу барысында анықталатын болады. Ол үшін әскери бөлімге "Орталық" өңірлік қолбасшысының басшылығымен арнайы топ жіберілді.
Тағы оқыңыз: Маңғыстауда қолы мен көзінен айырылған сарбаз миллиондаған айыппұл төлеуі мүмкін
Қызметтік тергеудің қорытындысы қосымша хабарланады.