НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 77 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның жедел штабы.
"Алматы қаласында – 57 адам, Шымкент қаласында – 7, астанада - 3, Алматы облысында -6, Павлодар облысында - 3, Батыс Қазақстан облысында бір адамнан коронавирус анықталды", - делінген ақпаратта.
Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда инфекция жұқтырғандардың саны 1 852 адамға жетті.
- Алматы қаласы – 606
- Нұр-Сұлтан қаласы – 386
- Қызылорда облысы – 149
- Қарағанды облысы – 93
- Шымкент қаласы – 90
- Ақмола облысы – 82
- Атырау облысы – 80
- БҚО – 64
- Жамбыл облысы – 61
- Түркістан облысы – 60
- Алматы облысы – 50
- СҚО – 30
- Павлодар облысы – 33
- Ақтөбе облысы – 27
- Қостанай облысы – 21
- Маңғыстау облысы – 12
- ШҚО – 8.
Соңғы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 447 адам аурудан жазылды. 19 адам індеттен қайтыс болды: Нұр-Сұлтан қаласы – 2, Алматы қаласы – 5, Шымкент қаласы – 3,Ақмола облысы – 4, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қарағанды облысы – 1, Қостанай облысы – 1, Павлодар облысы – 1, Түркістан облысы – 1.