Қоғам

Академик Алшынбай Рақышев дүниеден озды

Алшынбай Рақышев алғашқы анатомиялық терминдердің латынша-орысша-қазақша сөздігінің авторы болды, Қазақстанда ғылымды дамытуға және медицина кадрларын даярлауға қомақты үлес қосты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының мүшесі Алшынбай Рақышев 89 жасында дүниеден озды.

"С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ұжымы Рақышев Алшынбай Рақышұлының қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтады", - делінген университеттің ресми сайтында.   

Алшынбай Рақышев туралы не білеміз?

Алшынбай Рақышев 1931 жылы Қарағанды ​​облысының Қарқаралы ауданындағы Тегісшілдік ауылында дүниеге келген.

1950 жылы Қарағандыға көшіп, Қарағанды ​​медициналық институтына оқуға түседі. 1961 жылы кандидаттық диссертация қорғады.

1966 жылы докторлық диссертациясын қорғау үшін Ленинградқа ауыстырылды.

Түркістанның бұрынғы әкімі Әліпбек Өсербаев қайтыс болды

Екі жылдан кейін оны Алматы мемлекеттік медицина университетіне шақырды. 1978 жылдан бастап Рақышев меңгеруші, ал 2003 жылдан бастап Қазақ ұлттық медицина институтының қалыпты анатомия кафедрасының құрметті меңгерушісі, сонымен қатар Қарағанды ​​медицина академиясы мен Астана медицина академиясының құрметті профессоры болды.

Алшынбай Рақышев қазақстандық медицинаның дамуына айтарлықтай үлес қосты. Сонау студент кезінде-ақ анатомиялық терминдердің алғашқы латынша-орысша-қазақша сөздігін жасады. Бұл Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы тәжірибе.  

Кейіннен Рақышев төрт томдық "Адам анатомиясының атласын" үш тілде, адам анатомиясы туралы оқулықты мемлекеттік тілде шығарды.

Сонымен қатар, ол ғылымды дамытуға, кадрлар даярлауға және медициналық жоғары оқу орындарының қазақстандық жүйесін қалыптастыруға қомақты үлес қосты.