НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Көкшетауда ер адам карантиннен қашып кетті. Полицейлер оны Гранитный ауылынан тапты.
Қазақстан азаматы Көкшетауға Ресейден келген, деп хабарлады Ақмола облысының полиция басқармасы. Ол медицина колледжінде орналасқан стационарға карантинге жатқызылған.
Бірақ 43 жастағы ер адам үйіне кеткісі келіп, қашып шыққан.
Оқи отырыңыз: Абаев карантинде жатқан әйелдің бұрынғы күйеуі не істегенін айтып берді
Полицейлер оны Гранитный елді мекенінен тауып, стационарға қайта жеткізді. Ауыл тұрғынымен қарым-қатынас жасағандар да карантинге жіберілді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша хаттама жасалды.
Енді ер адамға ескерту жасалады немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады (1 АЕК – 2778 теңге) немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.