Қоғам

Қазақстандағы COVID-19: тағы екі адам қайтыс болды

Коронавирустан ең көп адам көз жұмған қала - Алматы. Мұнда індет салдарынан қайтыс болғандар саны 5 адамға жетті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір - Sputnik. Алматыда коронавирустан тағы екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты. 

1931 және 1958 жылы туған екі науқас өлімі туралы кеше, 19 сәуір күні түнде хабарланған. 

Қазақстанда вирус салдарынан көз жұмғандар саны 19 адамға жетті. Сондай-ақ, Ресейде Қазақстан азаматының қайтыс болғаны хабарланған болатын. 1711 адам Covid-19 жұқтырды. Алматыда 574 жағдай. Бұл қалада бес адам көз жұмды. 

Елде 401 адамның індеттен айыққаны айтылды.