Қоғам

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны артты

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 757 адам анықталды. Оның ішінде 413 азамат дертінен сауығып шықты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 22 адамға көбейді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 22 адам тіркелді. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 2, Алматы қаласында – 10, Шымкент қаласында – 9, Қостанай облысында – 1.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 1757 адам анықталды. Олардың ішінде:

  • Алматы – 535;
  • Нұр-Сұлтан – 383;
  • Қызылорда облысы – 149;
  • Қарағанды облысы – 93;
  • Ақмола облысы – 82;
  • Атырау облысы – 80;
  • Шымкент – 80;
  • БҚО – 63;
  • Жамбыл облысы – 61;
  • Түркістан облысы – 60;
  • Алматы облысы – 44;
  • СҚО – 30;
  • Павлодар облысы – 30;
  • Ақтөбе облысы – 27;
  • Қостанай облысы – 20;
  • Маңғыстау облысы – 12;
  • ШҚО – 8.

Індет салдарынан көз жұмғандардың саны 19 адам: Нұр-Сұлтан қаласы – 2; Алматы қаласы – 5; Шымкент қаласы – 3; Ақмола облысы – 4; Шығыс Қазақстан облысы – 1; Қарағанды облысы – 1; Қостанай облысы – 1; Павлодар облысы – 1; Түркістан облысы – 1.