Қоғам

Коронавирустан жазылғандардың саны 428 адамға жетті

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 757 адам анықталды. Індет салдарынан 19 науқас көз жұмды
Sputnik

АЛМАТЫ, 20 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 11 адам коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

"Алматы қаласында – 4, Ақтөбе облысында – 2, Түркістан облысында – 2, Алматы облысында – 1, Қостанай облысында – 1, Қарағанды облысында бір адам коронавирустан жазылды", - делінген ақпаратта.

Осылайша 20 сәуір сағат 15:30-дағы жағдай бойынша, елімізде коронавирустан жазылғандар саны 428 адамға жетті:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 180,
  • Алматы қаласы – 88,
  • СҚО – 25,
  • Ақтөбе облысы – 9,
  • Жамбыл облысы – 6,
  • Павлодар облысы – 1,
  • Алматы облысы – 9,
  • Қарағанды облысы – 13,
  • Шымкент қаласы – 11,
  • Атырау облысы – 21,
  • Батыс Қазақстан облысы – 2,
  • Маңғыстау облысы – 2,
  • Ақмола облысы – 18,
  • Қызылорда облысы – 25,
  • Түркістан облысы – 13,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 3,
  • Қостанай облысында 1 адам жазылды.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 757 адам анықталды.

Солтүстік Қазақстан облысында карантин режимі күшейтіледі 

Індет салдарынан көз жұмғандардың саны 19-ға жетті: Нұр-Сұлтан қаласы – 2, Алматы қаласы – 5, Шымкент қаласы – 3, Ақмола облысы – 4, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қарағанды облысы – 1, Қостанай облысы – 1, Павлодар облысы – 1, Түркістан облысы – 1.