Қоғам

Ресейде Қазақстан азаматы коронавирустан көз жұмды

Пациентте коронавирус инфекциясынан бөлек, қант диабеті мен артық салмағы болғаны хабарланып отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Ресейдің Пенза қаласында Қазақстан азаматы коронавирустан көз жұмды, деп хабарлады губернатордың баспасөз хатшысы Дина Черемушкина.

1977 жылы туған ер адамның өлімі туралы ақпарат Telegram-да жазылған. 

"Ол коронавирус инфекциясынан бөлек, қант диабетімен ауырған, артық салмағы болды", - деді Черемушкина.

Соңғы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 1 676 адамда коронавирус расталды. 400 адам жазылып, 17 адам қайтыс болды