НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Республикада коронавирус жұқтырғаны тағы 24 адам тіркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
"19 сәуір 10:00-дегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 24 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 3, Алматыда – 6, Жамбыл облысында – 2, Ақмола облысында – 1, Қарағанды облысында – 1, Атырау облысында – 3, Қызылорда облысында – 4, Павлодар облысында – 4", - делінген хабарламада.
Елде індетке шалдыққан науқастар саны 1654 адамға жетті. 378 адам дертінен айықты, 17 адам қайтыс болды.
- Нұр-Сұлтан қаласы – 369
- Алматы қаласында – 512
- Қарағанды облысында – 90
- Ақмола облысында - 82
- Атырау облысында - 79
- Жамбыл облысында - 60
- Шымкентте - 58
- Шығыс Қазақстан облысында - 8
- Алматы облысында - 41
- Ақтөбе облысында – 27
- Солтүстік Қазақстан облысында – 29
- Павлодар облысында – 22
- Маңғыстау облысында – 12
- Қызылорда облысында – 147
- Батыс Қазақстан облысында – 46
- Түркістан облысында - 57
- Қостанай облысында – 15.