НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір — Sputnik. Ресейлік актер Павел Прилучный әлеуметтік желідегі тікелей эфир арқылы әйелі екеуінің арасындағы жанжал туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Агатаны ұрдым ба? Қалай? Достар, Агата (Муцениеце) туралы сұрамасаңыздар жақсы болар еді. Бұл мәселе жабылды. Білмесеңіздер, сұраудың қажеті жоқ. Бір нәрсе жазбас бұрын жақсылап ойлаңыздар", - деді актер.
Сәуір айының басында Муцениеце жылап, анасының Instagram парақшасы арқылы жұрттан көмек сұраған болатын. Ол күйеуі ұрып-соғып, балаларымен бірге үйден қуып жібергенін айтты. Бірнеше күннен соң Прилучный екеуі жау емес екенін жеткізді. Күйеуінің психологиялық жағдайы жақсарады деген сенім білдірді.
Муцениеце мен Прилучныйдың екі баласы бар. Олар ақпан айында ажырасатынын хабарлады. Алайда әлі бірге екені айтылып отыр.
Тағы оқыңыз: Танымал әртістің неге "жындыханадан" бір-ақ шыққаны белгілі болды
Еске сала кетсек, ресейлік актер Павел Прилучный Шымкент қаласында туған. Көрерменге "Закрытая школа", "Метод Фрейда", "Мажор" сынды картиналар арқылы танылды. Театр және кино актері, продюсер, тележүргізуші.