НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Республикада тағы жиырма екі адам індетке шалдықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
"18 сәуір 17:25-тегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 22 адам тіркелді, Нұр-Сұлтан қаласында - 15, Алматы облысына - 2, Шымкент қаласында - 1, Павлодар облысында - 1, Алматы қаласында - 1, Ақтөбе облысында – 2", - делінген хабарламада.
Осылайша республикада барлығы 1615 науқас дертке шалдықты. 366 пациент жазылып шықты, он жеті адам қайтыс болды.
- Нұр-Сұлтан қаласы – 365
- Алматы қаласында – 505
- Қарағанды облысында – 89
- Ақмола облысында - 81
- Атырау облысында – 76
- Жамбыл облысында – 58
- Шымкент қаласында - 58
- Шығыс Қазақстан облысында – 8
- Алматы облысында - 41
- Ақтөбе облысында - 27
- Солтүстік Қазақстан облысында - 29
- Павлодар облысында - 18
- Маңғыстау облысында - 12
- Қызылорда облысында – 143
- Батыс Қазақстан облысында – 39
- Түркістан облысында - 57
- Қостанай облысында – 9.