НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Қазақстанда індетке шалдыққан тағы он адам тіркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
"17 сәуір 12:25-тегі жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 10 жағдай тіркелді. Түркістан облысы - 1, Ақтөбе облысы - 4, Нұр-Сұлтан қаласы – 5", - делінген хабарламада.
Осылайша республикада дертке шалдыққандар саны 1480 адамға жетті.
Олардың ішінде:
- Алматы – 461,
- Нұр-Сұлтан – 333,
- Қызылорда облысы – 143,
- Қарағанды облысы – 87,
- Ақмола облысы – 81,
- Атырау облысы – 72,
- Түркістан облысы – 56,
- Жамбыл облысы – 53,
- Шымкент – 46,
- Батыс Қазақстан облысы – 30,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 29,
- Алматы облысы – 29,
- Ақтөбе облысы – 18,
- Павлодар облысы – 15,
- Маңғыстау облысы – 12,
- Шығыс Қазақстан облысы – 8,
- Қостанай облысы – 7.
285 адам емделіп шықты. 17 науқас қайтыс болды.