НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір - Sputnik. Birgemiz қоры мемлекеттік қызметшілердің жалақысынан ақша ұсталады деген қауесетті жоққа шығарды.
Журналист Жамиля Маричева өзіне қорға жалақыдан ақша алынады деген хабарлама келгенін айтты.
"#bizbirgemiz компаниясы аясында жалақыңыздың 1%-і ұсталады", - деп жазылған хабарламада. Белгісіз сайтқа сілтеме жасалған.
Birgemiz қоғамдық қорында бюджеттік ұйым қызметкерлерінің ақшасы алынады деген ақпаратты жоққа шығарды.
"Біз мұндай хабарлама таратқан жоқпыз", - делінген қордың ресми мәлімдемесінде.
Birgemiz қорының төрағасы Руслан Сәкеевтің айтуынша, бюджеттік ұйым қызметкерлерінен ақша алу қор жұмысының мақсатына қарама-қайшы. Өйткені адам бұл қорға қаражатты өз еркімен беруі тиіс.
Тағы оқыңыз: "Мамырдан бастаймыз": Назарбаев Байбекке тапсырма берді
Еске сала кетсек, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев мүмкіндігі бар қазақстандықтарды қиын кезеңде мемлекетке қолдау көрсетуге шақырған болатын.
Бұл бастаманы алғашқылардың бірі болып ірі бизнесмендер қолдады.