НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Қазақстанда 370 медицина қызметкері індетке шалдықты. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бүгінде 370 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды", - деді ол онлайн брифингте.
Айтуынша, дертке шалдыққан ақхалаттылар арасында ауыр жағдайда жатқан пациенттер жоқ.
Вирус жұқтырған дәрігерлер еліміздің он үш өңірінде тіркелген.
Олардың арасында ең көбі Алматыда – 197 қызметкер, астанада – 92 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 15 және Атырауда 17 маман.
Тағы оқыңыз: Қазақстан коронавирусқа шалдығу шыңына тақады - енді қандай жұмыс басталады
Індетке шалдыққандардың 29 проценті дәрігерлер, 48 пайызы медбикелер және 23 проценті кіші медицина персоналы.