Қоғам

Жаппай індет жұқтыру оқиғасы: Алматыда аурухананың бас дәрігері қызметінен кетті

Алматы қаласы орталық қалалық клиникалық ауруханасының 110 қызметкерінде коронавирус анықталып, қазіргі кезде тексеріс басталды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Алмаз Джувашев аурухана қызметкерлері жаппай коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғасынан кейін жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мұндай ақпаратты растаймыз, кеше (14 сәуір – Sputnik) олар жұмыстан кетті", – деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі.

Ал орталық қалалық клиникалық аурухана басшысының міндетін Марат Абдуллаев атқаратыны белгілі болды.

Медицина қызметкерлері жаппай індет жұқтырды

Алматыдағы орталық клиникалық аурухананың 110 қызметкері коронавирус жұқтырғаны жақында ғана белгілі болған. Бұл бүкіл Қазақстан бойынша дәрігерлер арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Айзат Молдағасымова жаппай жұқтырудың орын алу себебі дәрігерлердің қажетті қауіпсіздік шараларын сақтамауы болуы мүмкін екенін айтқан. Өз кезегінде аурухана қызметкерлері Молдағасымованы жала жапты деп айыптап, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат жазды.

Оқи отырыңыз: Алматыда коронавирус табылған дәрігерлер 300-ден аса адаммен байланыста болған

Дәрігерлер олардың жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілгенін жария етті. Ал аурухана қызметкерлері "біз байланысқа түсетін адамдар ретінде тексеріліп, эпидемияға қарсы шаралардан өтпедік" деп мәлімдеді.

Қазір медициналық мекеме карантинге жабылған. Орталық клиникалық аурухана Қазақстандағы медицина қызметкерлері арасында коронавирус жаппай тараған індет ошағына айналды.

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов орынбасары Камалжан Надыровқа және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары Нұрхан Сәдуақасовқа осы ауруханада коронавирустық инфекцияның шығу себептерін зерттеуді тапсырды.