АЛМАТЫ, 15 сәуір – Sputnik. Қазгидромет 16-18 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Атлантикалық циклонның ықпалынан Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел соғады. Республиканың кей жерінде тұман түседі.
Дабылды ескерту
16 сәуірде Ақмола және Қостанай облысында қатты жел соғады деп күтіледі.
Кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай облысында да тұман түседі деп болжанып отыр.
16 сәуірде Қазақстанның мегаполистерінде көшпелі бұлт жүреді деп болжанды.
16 сәуірде Нұр-Сұлтанда түнде 0-2 градус, күндіз 14-16 градус жылы болады.
Шымкентте түнде 6-8 градус, ал күндіз 19-21 градус жылы болады деп болжады мамандар.
Оқи отырыңыз: Биылғы жаз қандай болады - ауа райы болжамы жарияланды
Алматыда да күн салқындайды, мұнда түнде 2-4 градус жылы болады, ал күндіз 11-13 градус жылы болады.