НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір — Sputnik. Қазақстанда тағы 23 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды жедел штаб.
"Алматы қаласында – 4 адам, Түркістан облысында - 5 адам, Алматы облысында - 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 4 адам, Қостанай облысында - 2 адам, Ақмола облысында - 6 адамда вирус анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Осы сағатқа дейін коронавирус расталғандар саны 1202 адамға жетті.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 268 адам, Алматы қаласында – 350 адам, Қарағанды облысында - 78 адам, Ақмола облысында - 79 адам, Атырау облысында - 63 адам, Жамбыл облысында - 49 адам, Шымкент қаласында - 39 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 24 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 26 адам, Павлодар облысында - 10 адам, Маңғыстау облысында - 10 адам, Қызылорда облысында - 119 адам, Батыс Қазақстан облысында - 11 адам, Түркістан облысында - 52 адам, Қостанай облысында - 5 адам.
14 адам көз жұмды. 150 адам жазылып шықты.
Тағы оқыңыз: Тойға барамын деп ауруханаға түсті - коронавирусты жеңген қарияның әңгімесі