НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны мыңнан асты, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Оқи отырыңыз: Министр бір аптадан кейін кімдер толық жұмыс күніне көшетінін айтты
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 112 адам тiркелді, оның көбісі Алматы қаласында – 99 адам, Қарағанды облысында – 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 3 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақмола облысында – 2 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 1 адам, Атырау облысында – 3 адам.
Соңғы мәлімет бойынша елімізде 1091 адам індетке шалдыққан:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 260,
- Алматы қаласы – 271,
- Шымкент қаласы – 38,
- Ақмола облысы – 73,
- Ақтөбе облысы – 11,
- Алматы облысы – 22,
- Атырау облысы – 62,
- Шығыс Қазақстан облысы – 8,
- Жамбыл облысы – 46,
- Батыс Қазақстан облысы – 11,
- Қарағанды облысы – 77,
- Қостанай облысы – 3,
- Қызылорда облысы – 119,
- Маңғыстау облысы – 10,
- Павлодар облысы – 10,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 26,
- Түркістан облысы – 44.
Індеттен 12 адам қайтыс болып, 138 адам жазылып шықты.