Өңірлер

Қарағанды облысында 11 адамнан коронавирус табылды

Өңірде коронавирус жұқтырғандардың саны 76 адамға, Қазақстан бойынша 972 адамға жетті. 10 адам қайтыс болып, 99-ы жазылды  
Sputnik

АЛМАТЫ, 13 cәуір –Sputnik. Қарағанды облысында он бір адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Осылайша елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 972 адамға жетті.

Нұр-Сұлтан қаласында 253, Алматы қаласында 172, Қарағанды облысында 76, Ақмола облысында  71, Атырау облысында 59, Жамбыл облысында 46, Шымкент қаласында  38, Шығыс Қазақстан облысында 6, Алматы облысында 21, Ақтөбе облысында 11, Солтүстік Қазақстан облысында 25, Павлодар облысында 10, Маңғыстау облысында 10, Қызылорда облысында 119, Батыс Қазақстан облысында 9, Түркістан облысында 43, Қостанай облысында 3 адам тіркелді.

Қазақстанда коронавирустан 10 адам қайтыс болды, 99 адам аурудан жазылды.

Оқи отырыңыз: Алматыда жұмыс істеуге тыйым салатын режим ұзартылды

Қазақстанда төтенше жағдай режимі 16 наурызда енгізілді, ол сәуір айының соңына дейін жалғасады. Нұр-сұлтан, Алматы және басқа да бірқатар қалада адамдарға себепсіз үйден шығуға қатаң тыйым салынды.